KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Семей мемлекеттік медициналық университеті мен Манав Бхарти үнді университеті арасында келісімге қол қойылды

23.12.2012, 18:00 178


Семей мемлекеттік медициналық университеті мен Манав Бхарти үнді университеті арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Осы мақсатпен Үнді университетінің ректоры Рана Радж Кумар Семейге арнайы ұшып келген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Манав Бхарти университеті Дели қаласының маңында орналасқан. Жоғары оқу орнында екі мың студент оқиды, олардың 400-і медицина факультетінің студенті. Алдағы уақытта екі жоғары оқу орны арасында тығыз байланыс орнайды. Қол қойылған келісім аясында екі университеттің магистранттары, профессорлық-оқытушылар құрамы өзара тәжірибе алмасады, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

- Қызмет аумағы өте кең, - дейді Семей мемлекеттік медициналық университетінің ректоры, академик Төлебай Рахыпбеков. - Біз Үнді жоғары оқу орындарының ассоциациясына мүшелікке енбекшіміз, Үндістанда аккредитациядан өтеміз.

Манав Бхарти университеті 2009 жылы ашылғанымен, осынша қысқа уақыт аралығында үлкен беделге ие болып үлгерген.

-Біз әлемнің көптеген оқу орындарымен халықаралық келісім шартпен жұмыс істейміз. Семей қаласы Қазақстанда біз байланыс орнатқан алғашқы қала, - деді Рана Радж Кумар кездесуде.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив