KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қоқыстан құтқарылған Абай мүсіні Нұрлы көштегі мектепке қойылатын болды

4.10.2018, 08:51 138

Өскемендегі қоқыстан құтқарылған Абайдың ескерткіші Абай атындағы №33 мектепке қойылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Шығыс кентінің тұрғындарымен болған кездесуде айтты.



-Абайдың мүсінін осы жерге қоямыз. Бірақ, бір кемшілігі ескерткіштегі бейне дұрыс жасалмаған. Қайта жөндеуіміз керек. Абайдың бейнесін қалай болса, солай жасай бермейміз ғой. Абай Құнанбайұлының ең сәтті шыққан мүсіні Алматыдағы Республика сарайының алдында тұр. Ол Мұхтар Әуезовтың кеңесімен жасалған. Біз де сол нұсқаға сай жасауымыз керек, - деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив