KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Жерлестері Әлем чемпионатының күміс жүлдегерін қарсы алды

29.09.2018, 17:22 168


Облыс орталығының әуежайынан өскемендіктер дзюдодан Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановты зор қошеметпен күтіп алды.



Бұл күні Әлемнің сужаңа вице-чемпионын қарсы алуға дзюдошының бапкерлері, әріптестері мен туған-туыстары келді. Айта кетейік, Ерлан Серікжанов дзюдодан Әлем біріншілігінің жүлдесіне ие болған тұңғыш шығысқазақстандық спортшы атанып отыр. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін үржарлық балуан Әзірбайжан жерінде өткен байрақты бәсекенің ширек финалда моңғолиялық Херлен Ганболдты, ал жартылай финалда әлемдік рейтингтің көшбасшысы, израильдік Таль Фликерді иппон әдісімен (таза жеңіс) жеңген болатын.


Әлемдік рейтингте 36-шы орында тұрған Серікжанов финалда сол рейтингтің екінші сатысында орналасқан жапониялық Хифуми Абеге жол беріп, осылайша жаһандық доданың күміс медаліне ие болған-ды.


– Бұл спортшы мен бапкердің ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығының жеңісі деп білемін. Бізге қашан да қолдау көрсетіп келетін, дзюдошыларымыздың түрлі оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беретін ел ағаларына алғысымыз шексіз, – дейді Ерланның бапкері Айдар Қайырбаев.


Ол, сонымен қатар шәкірті сәл тыныққаннан кейін кезекті оқу-жаттығу жиындарына аттанатынын, одан кейін «Grand Slam» сериясы турнирлерінің біріне қатысатынын мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив