KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Өскемен тұрғыны өз үйінде өзгеше есірткі дайындаған

1.10.2018, 03:34 80

Шығыста 43 жасар адам өз үйінде тағамдық көкнәр мен өзге де азық-түлік түрлерін пайдаланып ерекше апиын жасап шығармақ болған. Облыстық мамандандырылған ауданарылық сотта айыпкердің ісі қаралды.


Айыпкер есірткі жасамақ үшін дүкеннен тағамдық көкнәр мен еріткіш сұйықтық алған. Нәтижесінде пайда болған апиынды өзімен бірге тұрып жатқан бикешпен бірге қолданған.


Айпкерді есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған.


Дайындалған есірткі қомақты деп танылып, айыпкер 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив