KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстандық консервілерден зиянды заттар табылған

30.09.2018, 03:06 158

Ресей елінің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бойынша федералды қызметі (Россельхознадзор) қазақстанның бес кәсіпорнының өнімінен ветеринарлы-санитарлық талаптардың бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі мекеменің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.


Қазақстандық компания - "J. F. M. company" ЖШС өндірген машабақ консервілерінен зиянды, тыйым салынған зат – бензапирен табылған екен. Осыған байланысты 29 қыркүйектен бастап бұл кәсіпорынның өнімдерін Ресей аумағына таратуға уақытша шектеу қойылып отыр.


Сондай-ақ, аталмыш қызмет тағы бірқатар қазақстандық кәсіпорындардың өнімдеріне қатысты зертханалық бақылауды күшейткен:


"Кублей" ЖШС – ет консервілерінен кадмий табылуына байланысты.

"Ижевский" ҚК – құс етінен листерий табылған.

"Арай-East Food" ЖШС – ет-шұжық өнімдерінің шикізат құрамы сәйкес емес ("Говяжья зернистая халяль").

"Кузмич" ЖШС – балықтан листерий табылған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив