KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салықтың жаңа түрі енгізілмек

26.09.2018, 03:34 173

Ресми деректерге сүйенсек, облыста 40 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтушы кәсіпкер салық органының есебіне тұрмаған. Дегенмен, шағын қора-қопсысымен бір-екі малы барлар да, сауда жасап, такси қызметін атқарып жүргендер де өзін-өзі қамтушылар қатарына жатқызылатындықтан, оларды кәсіпкер деп атаудың өзі қаншалықты дұрыс деген сауал туындайды мұндайда.


Бір анығы бұл азаматтар осылайша салық жүйесінен ғана емес, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінен де шет қалып отыр.


- Ешбір жарна төлемейтін адам ауыра қалған жағдайда қайда барады? Сондықтан әр азаматтың атында есепшот ашылып, онда аз да болса, қаражат жатуы тиіс.Бұл әсіресе ауылды жерлерде мал ұстап, шаруашылықпен айналысып отырған азаматтарға қатысты. Сондықтан олардың қызметін заңдастыру мақсатында алдағы уақытта Бірыңғай жиынтық төлем енгізілмекші,-дейді Еңбек комитеті, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Болат Сәтеков.


Бірың­ғай жиынтық төлемге салық пен зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына жасалатын жарна жиынтықта­лады. Оның ең аз шекті көлемі – қалалықтар үшін 1АЕК, яғни 2 405 теңге, ал ауыл тұрғындары үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш(1203 теңге). Төлемнің 10 пайызы жеке табыс салығына, 30 пайызы міндетті зейнетақы жинақтау шотына, 20 пайызы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, қалған40 пайызы медициналық сақтандыру жарнасы ретінде жі­бе­ріледі деп жоспарлануда. Атал­ған төлемді жылына – 280, айына 28мыңнан аспайтын табыс табатын адамдар ғана жасай алады. Яғни, бұл заң жобасының негізгі мақсаты ,болашақта аз да болса зейнетақыдан үміті бар, ауруха­наға именбей кіргісікелетін аза­маттардың барлығы ертеңін бүгін ойлауға итермелеу. Бұл мәселе жыл соңынадейін заңмен бекітілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив