KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Жұмыссыздарға салынатын салық». Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі деген не?

24.01.2019, 07:51 193

Иә, былтыр ел естіген беті «Жұмыссыздарға салынатын салық» деп атап кеткен бірыңғай жиынтық төлем жүйесі қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.Бірден айтайық, бұл салық емес, төрт төлемді біріктірген жинақ. Ол өзін -өзі жұмыспен қамтушы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту арқылы оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Елді әлеуметтік жағынан қолдау үшін салық жүйесіне енгізіліп отырған басқа да жаңалықтар бар. Қаңтардан бастап салығын төлемей жүрген бизнес субьектілеріне рақымшылық жасалып жатыр. Сонымен бірге биылдан бастап еңбекақысы аз жұмысшыға салынатын салық азайды.


АУЫЛДАҒЫЛАР АЙ САЙЫН 1 263 ТЕҢГЕ АУДАРАДЫ


Біреу алай деп, біреу бұлай деп, «Бұл өз бетімен күн көрген халықтың нанына жармасу», «Жеңілдігі көп жаңа жүйеге ену үшін өзін өзі қамтығандар көбейіп, бюджет салық түсімінен айырылады» делініп те жатқан бірыңғай жиынтық төлемнің өзін өзі жұмыспен қамтыған халыққа қандай жақсылығы барын, мәнісі мен мақсаты, маңызы туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының мамандарынан егжей тегжейлі сұрап білуге тырыстық.


Алдымен, бірыңғай жиынтық төлемді (ред.әрі қарай БЖТ) кімдер төлейтінін анықтап алайық. Мамандардың бізге түсіндіргеніндей өзін өзі жұмыспен қамтушы, яғни, БЖТ төлеушіге көрсететін қызметі ресми құжатта жазылмаған, еңбек шартынсыз жұмыс істейтін, мемлекетке салық пен жарна төлемейтін барлық тұрғындар жатады. Яғни, бірыңғай жиынтық төлемді тұрақты жұмысы жоқ, өзге жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші жеке тұлғалар ғана төлей алады. Өзін, отбасын асырап, жұмыс істеп жүрген қарапайым ауыл адамы, төрт сиырының сүтін сауып өткізіп отырған ана,ауыл мен қала арасында немесе қалада кісі тасымалдап жүрген таксиші, репетитор,үйдің тамағын жасап кеңседе, көшеде сатып жүрген, тырнақ бояп, кірпік жапсырумен айналысып, үйге жөндеу, әрлеу жүргізумен шұғылданып жүрген жандардың бәрі БЖТ төлеуші болып есептеледі. Өзін өзі асырайтындар деп саналатын олардың табысы айына 15 мың теңге немесе 50, 100 мың теңге болса да БЖТ ні бәрі бір сомамен, бірдей көлемде төлейді.


Жазира Адамбаева, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы:


БЖТ мөлшері: республикалық және облыстық қалалар үшін айына 1 АЕК-2525 теңге; елді мекендер үшін айына 05 АЕК -1263 теңге. Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болуы үшін БЖТ банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (терминалдар, «Қазпошта»бөлімдері) арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару жолымен төленеді. Ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ ді төмендегі төрт бағытта бөледі:


жеке табыс салығы (бюджетке -10)

әлеуметтік төлемдер (ӘСМҚ-20)

зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ-30)

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарына ( ӘМСҚ-40)


Айтып өткенімдей, ауылдағылар үшін БЖТ сомасы айына 1 мың 263 теңге,сонда өзін өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғыны жеке табыс салығына -126 теңге; әлеуметтік аударымдарға -253 теңге, БЖЗҚ ға -379 теңге, медициналық ӘСҚ на -505 теңге аударады. Биылдан бастап зейнетақы аударушының БЖЗҚ да (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында) жеке зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы зейнетақы келіп түскен соң жеке шот қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады, бұрыңғыдай барып, шот ашқызудың қажеті жоқ. БЖТ аударушылардың да шоты БЖЗҚ да өздігінен ашылады.


ҮШ БІРДЕЙ ЖАҚСЫЛЫҒЫ БАР


Ауыл тұрғыны да, қала тұрғыны да БЖТ төлеу үшін салық органдарына тіркелмейді, оларға ешқандай салы қесептілігін табыс ету де қажет емес. БЖТ сомасын 1 айға немесе бір тоқсанға, 1жылға бірақ төлеп тастауға да болады.


БЖТ арқылы аударылған төлемдер жоғарыда көрсетілгендей тұрғындардың үш әлеуметтік мәселесін оңды шешуге бағытталған. Ең бірінші, өзін өзі жұмыспен қамтитындар БЖТ аударса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, медициналық қызметтерге (олардың алдағы уақытта ақылы болатыны белгілі) қол жеткізеді. Екіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, аталған жүйеге қатысу мерзіміне қарамастан базалық зейнетақы төлемдерін алады. БЖТнің үшінші жақсылығы ай сайын 1 мың 263 теңге аударып отырған өзін өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғынының, ай сайын 2 мың 525 теңге аударып отырған қала тұрғынының еңбекке жарамсыздығына, жұмысынан, асыраушысынан айырылуына, жүктілігі мен бала тууына, бала асырап алуына, баланы бір жасқа дейін күтуіне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндігі болады. БЖТ төлейтіндер өздерінің төлем қабілеттілігін растай отырып, банктен несие алуларына болады.


ТӨЛЕМЕГЕНДЕР ЗАҢҒА ТАРТЫЛА МА?


Ресми деректер елімізде өзін өзі жұмыспен қамтығандар 2 млн нан астам адам делініп отыр.Бейресмиі бұдан әлдеқайда көп. Біздің облыста да ешқайда тұрақты жұмыс істемей, өз бетімен күн көріп, жанын,отбасын сақтап отырғандар мыңдап саналады, табыстары да мардымсыз. Облыстық мемлекеттік кіріс департаменті мамандарының айтуынша жаңа жүйе бойынша төлем аудармағандар заңға тартылмайды. БЖТ ны төлесе де, төлемесе де болады, адамдардың өз еркінде.


Бірыңғай жиынтық төлем төлеу өзін өзі жұмыспен қамтушыларға ерікті болғанымен бұл төлемді өзін өзі қамтығандардың да бәрі бірдей төлей алмайды. Өйткені, БЖТ жүйесі арқылы төлем төлеу үшін азаматтардың табыс мөлшері күнтізбелік жыл үшін республикалық заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 есмеленген мөлшерінен аспауы тиіс. Ақшамен есептесек, азаматтың бір жылдағы табысы 2 966 875 теңгеден аспаса немесе бір айдағы табысы 247 мың 240 теңгеден аспаса БЖТ төлеуші бола алады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив