Қазақстан адам ресурстары бойынша әлемдік рейтингтің 58-ші сатысына көтерілді
Қазақстан адам ресурстары бойынша әлемдік рейтингтің 58-ші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі LS порталына сілтеме жасап.
Осылайша еліміз 2018 жылғы зерттеу нәтижесінде өткен жылмен салыстарғанда екі сатыға жоғарылап отыр. Сарапшылар адам дамуы индексін 0,8-ге бағалады.
Атап өтілгендей, 2017 жылдағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 70 жыл. Ал оқу жылдары – 15,1. Негізі елімізде оқу орта есеппен 11,8 жылға созылады.
Мамандардың айтуынша, Еуропа мен Орталық Азиядағы адамзат даму ресурстары – 0,771. Бұл дамушы аймақтар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Сондай-ақ бұл жерде еркектер мен әйелдер теңсіздігінің ең төменгі көрсеткіші аталды. Әйелдердің экономикалық белсенділігі әдеттегідей ерлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. (45,5% - 70,3%)