Бесқарағай ауданының әкімі робот құрастыра алады екен
Борас орта мектеп – бақшасында робототехника кабинеті ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Дәулет Батырбаев аудандық мәслихат депутаттарымен бірге робот құрастырып, көпшілікті таң қалдырды.
Осыған орай ашық сабақ өткізіліп, қонақтарға "Junior training" курсының қысқаша мазмұны ұсынылды. Танысу курсы "Көрнекілік бағдарламалау" бірінші модулі "Blockly games" бағдарламасының көмегімен басталды. Ал үшінші модуль сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, бағдарлама құруға құлшыныстарын арттыру. Сол секілді мәртебіл меймандарға "Robotics mini"-дің қателіктерін анықтауға тапсырма жүктелді. Себебі кез келген инженер немесе IT маманы үшін қателерді анықтау, робототехниканың ажырамас бөлігі болып саналады.
Үшінші тапсырма Lego Ev3 конструкторы базасында "Еден жуушы" роботын құрастыру болды. Қонақтар берілген барлық бұлжытпай сәтті орындады.