Сенатор Талғат Мұсабаев: Сынған танк үш жыл жөнделеді
Дариға Назарбаева бастаған ресми делегация Семей қаласындағы «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери бөлімдерін, әскери техника мен қару-жарақ түрлерін дайындайтын кәсіпорындарды аралады,деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Олар ең алдымен Семейдегі 54835 әскери базасына келді. Облыс әкімі Даниал Ахметов, Семей қалаының басшысы Ермак Бидахметовтер мен бірге осы жердегі МИ-7, МИ-17, МИ-24, Си-145 тікұшақтарымен танысты. Ал халықаралық қауіпсіздік мәселесінде ең маңыздысы- Eurocopter Ec145 тік ұшағы болып шықты.
«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановтың айтуынша, еврокоптерлік тікұшақтар жаңа ғасыр техникасы. Кабиналары шыныдан жасалған, цифрлы жүйеде автоматтандырылған. Басқа тікұшақтар 1950 жылдары жетілдіріліп жасалса, мына еврокоптер ХХІ ғасырдың технологиясы.
-Әскери авиабазаның қандай проблемалары бар? Ел қорғанысын күшейтуде қандай мәселелерді қамту қажет?-деп сұрады Дариға Назарбаева.
Әскерилердің айтуынша, бұл жерде кешенді ғимарат жоқ болып шықты. Авиациялық техника тұған нысанды толық жөндеуден өткізу керек. Ал ұшқыштарға қажетті дайындық алаңын жасау керек. Бұл дайындық алаңы бұл жерде тіпті өмірі болмаған.
Сенаторлар бұдан соң «Семей инжиниринг» АҚ-ына, 28738 әскери бөлімінің артиллериялық бригадасына қарай сапар шегіп, жұмыстарын жалғады.
-«Семей инжиниринг» АҚ-ы үнемі жаңарып, жаңғыртылып отырады,-деді сенатор Талғат Мұсабаев,-себебі, танктеріміздің саны жыл сайын көбейіп келеді. Сапа мәселесі де бірінші кезекте тұр. Бұрынғы ескі танктер кез келген техника сияқты тозып кеткен, ол рас. Пайдалану мерзімі деген бар. Танктерді жөндеу мұнда үш жылға дейін созылады екен. Сондықтан да біз төрайымымыз Дариға Назарбаевамен бірге танактерді жөндеу мерзімін үш жылдан да азайтсақ деген қорытындыға келдік. Семейде әскери техниканы қысқа мерзімде жөндеп шығу үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті.