KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Семейліктер «Қазақстан барысы-2018» жүлдегерлерін қарсы алды

4.07.2018, 06:22 118

Семейліктер таң ертемен теміржол вокзалында «Қазақстан барысы-2018» белдесуінің жүлдегерлері  Ерасыл Қажыбаев пен Айбек Нұғымаровтарды қарсы алды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, «Шығыс»өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановтармен бірге қала халқы, балуандардың туған-туыстары құшақ-құшақ гүл әкеліп, шашу шашты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 


-«Қазақстан барысына» осымен 8-інші рет қатысып отырмыз,-деді даңқты балуан Айбек Нұғымаров,-8 жылдың ішінде мен тиісінше жүлделі орындардан көрініп жүрдім. Қала басшысы Ермак Сәлімовке және мына Ерасыл Қажыбаев қызмет ететін «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановқа осындай қолдаулары үшін үлкен рахмет!


-Бір жыл бойы дайындалып келдім, ойлағаным алтын еді, бұйырғаны осы болды. Бірінші рет қатысып тұрмын. Алтын алғанша қатысамын, жанталасамын. Алматы қаласындағы ЦСКА-да әскери салада қызмет етемін. Биыл «Әскер барысына» қатысып, содан жолдама алдым. Бірінші белдесуімде Руслан Әбдіразақовпен шықтым. Ол да мықты балуан. Өзім Бородулиха ауданында тудым, Бесқарағай ауданында өстім, Семейде оқып-білім алдым,-деді Ерасыл Қажыбаев.


Ерасыл Қажыбаев қызмет ететін «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағанов «Біздің «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының мына бір медалін өзіңе тапсырдым» деп оған төсбелгі табыстады.


[caption id="attachment_35565" align="aligncenter" width="1000"] ????????????????????????????????????[/caption]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив