KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
491.71 529.97 5.05

«Sanofi» қазақстандықтарға дәрілерін өткізу үшін пара берген

5.09.2018, 10:25 66

«Sanofi»-ден де сақтанамыз ба? Фармацевтика патшасы Қазақстанда өз өнімдерін көптеп сату үшін қажетті тұлғаларға пара берген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жағдайды АҚШ құнды қағаздары және биржасы бойынша Комиссиясы анықтап отыр.


– Sanofi мемлекеттік келісім шарттарды жеңіп алу үшін және өз өнімдерін емделушілерге көбірек жазып беру үшін Қазақстанға өз пара жүйесін еңгізген, – деп мәлімдеді комиссия өкілдері.


Ал Agence France-Presse   газеті Sanofi-дің осы жүйені 2006-2015 жылдар аралығында Иордания, Ливан, Бахрейн, Кувейт, Катар, Йемен, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінде қолданып келгенін жазды. Басылымның мәліметінше, аталмыш фармацевтикалық компания өзіне тағылған айыптауды растамады, бірақ жоққа да шығармаған.


Түптеп келгенде Sanofi істі тоқтату тәртібімен келісіп, заңсыз кірген 17,5 млн долларды қайтарады, 5 млн доллар айыппұл және өтемақы ретінде тағы 2,7 млн доллар төлейді.


Айта кетейік, 2018 жылдың тамызында Қытайда да Sanofi компаниясына қатысты тексеру жұмыстары жүрілген болатын. Нәтижесінде, 500 дәрігер мен 70 ауруханаға пара берілгені анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив