KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Отбасылық сот» жобасы ажырасулар санын азайтуға көмектесе ала ма?

10.08.2018, 04:29 234

«Отбасылық сот» қанатқақты жобасын іске асыру аясында Өскемен қалалық сотында психолог кабинеті ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, судьялар, Отбасы және балалықты қолдау орталығының өкілдері, психологтар қатысты.


Құттықтау сөз сөйлеген Д.Әбдіғалиев кабинет отбасын сақтау, қоғамдағы дауласу деңгейін төмендету мақсатында тараптарға отбасылық дауларды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы реттеуге көмектесуге арналғанын атап өтті. Бұдан бөлек ол жобаның өңірдегі ажырасулардың санын барынша азайтатындығына сенім білдірді.


Кабинет әңгімеге, сабырлылыққа тартатын ашық түстермен безендірілген, жайлы жиһаздармен жабдықталған. Мұнда білікті психолог отбасылық дау-жанжалдарға қатысушылармен әңгіме жүргізіп, оларға медиацияның артықшылықтары мен керісінше дауды сот тәртібінде шешудің балалар үшін психологиялық салдарын түсіндіреді.


Іс-шара барысында қатысушылар аталған кабинеттің жұмыс істеу тәртібін талқылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив