KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 5 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Қазақстан осы жылдың қазан айына дейін Қытайға 5 млрд куб газ жөнелтеді

8.08.2018, 11:13 90

Қазақстан осы жылдың қазан айына дейін Қытайға 5 млрд. куб газ жөнелтеді. Бұл ақпаратты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасай отырып, «Интерфакс-Қазақстан» таратты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Газды экспорттау «ҚазМұнайГаз» компаниясына пайда әкеліп қана қоймай, ішкі нарықтағы газды жеткізуге байланысты шығындарды жабады. Осылайша газ тасымалдау ісінің барлық шығынының орнын 2030 жылы емес, 2023 жылы-ақ толтырмақпыз, – деген екен Сауат Мыңбаев «Қазақстанская правда» газетіне берген сұхбатында (Сұхбат газеттің сәрсенбі күнгі санында шықты).

Баршаға мәлім, Қытайға газды экспорттау ісі 2017 жылы басталып кеткен болатын. Шамамен, одан 1 млрд. доллар пайда түседі деп күтілуде. Биыл 5 млрд. куб газ экспортталса, бұл сан келер жылы 10 млрд. кубқа жетеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив