Ломбардтағылар енді сізді фотоға түсіреді
Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымов ұрлықпен күресу үшін қабылданған шешім жайлы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бұрын ломбардтарға қатысты нақты заң шеңбері жоқ еді. 1997 жылы Ұлттық банк арнайы ереже шығарған-ды, бірақ ол әлдеқешен ескіріп кеткен. Сондықтан ломбартар ұрланған заттардың қоймасы іспеттес болып бара жатқан еді. Біз осыны жою үшін, шет елдердің тәжірибесіне жүгіндік, – деді министр.
Министрдің сөзінше, енді ломбардтқа кепілдікке зат қалдыруға келген адамдар мен олардың заттарының құжаттары фотоға түсіріледі. Бұл фото Ішкі Істер Министрлігіне жіберіледі. Толықтай тексеріледі. Осылайша ұрылардың алдын алуға болады. Мұндай тәсіл Германияда да қолданылатын көрінеді.