KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

"Бір айда бәрін бітіреміз" Зырян ауданының әкімі уәде берді

18.07.2018, 11:06 160

Зырян қаласындағы тоғыз көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірше олардың тек екеуі ғана толық қалпына келтірілген. Жолшылар өз істерін тамыз айының 20-сына дейін аяқтап шығулары тиіс. Ауданға іссапармен барған аймақ басшысы Даниал Ахметов олардың алдына осындай міндет қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазіргі кезде Рудный және Горький көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары тәмамдалған. Екі шақырымға созылып жатқан Горький көшесін қалпына келтіру үшін ғана қазынадан 90 миллион теңге жұмсалған екен.


Жұмыстың қарқынды жүріп жатқанына қарамастан облыс әкімі моноқаланы абаттандыру ісін әлі де ширата түсуді қадап тапсырды.


– Жол жөндеуді жеделдете аяқтау қажет. Мен бір айдан соң, тамыздың 20-сында ауданға қайта келемін. Егер сол мерзімге дейін шаруаның бәрі тап-тұйнақтай атқарылып тұрса, қосымша тағы да 300 миллион теңге бөлуді қарастырамыз, – деп ескертті аймақ басшысы осы ретте.


Атап өтерлігі, облыс бюджетінен Зырян мен Серебрянка қалаларындағы 11 көшені жөндеуге 300 миллион теңге бөлінген болатын.


Аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов жоспарланған көшелердің бір айдың көлемінде толық жөнделіп бітетіне сендірді. Бүгінгі таңда «Плюс» ЖШС Жақсыбаев көшесінде, келесі мердігер – «Нарын Сервис» ЖШС Солнечная көшесінде қызу жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив