KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

"Тапсырмалар орындалмай жатыр" ШҚМТУ басшылығы қатаң сынға ілінді

17.07.2018, 09:50 198

Аймақ басшысы Даниал Ахметов университет ғалымдарының қатысуымен қолға алынып, қыруар қаржы бөлінген жобалардың іске асырылу барысына көңілі толмайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша Д Серікбаев атындағы ШҚМТУ  ең үлкен мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізгенімен,оларды жүзеге асыруда олқылықтар көп.


-        Мемлекеттік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарамадыңыздар. Қаржыны тиімсіз пайдалануға жол берілген. Жүктелген міндет пен тапсырмалар орындалмай жатыр. Тамыз айында әрбір жұмсалаған қаржы жөнінде есеп беруге дайындалыңыздар,-деп  облыс басшысы Даниал Ахметов инновациялық кеңестің кезекті отырысында университет проректоры Олег Гавриленкоға  ескерту жасады.


Естеріңізге сала кетейік, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша Д Серікбаев атындағы ШҚМТУ  мүлде жаңа сипаттағы, технологиялық серпіліс әкелетін жобларды жүзеге асыруды  қолға алып отыр. Олардың қатарында  қорғасын мен  мырыш өңдеу технологиясын жаңғырту, «Гидрополимет» қондырғысы арқылы ауаға шығатын өндірістік қалдық мөлшерін азайту, магниттік-резонансты томографияға қажет жоғары өткізгіш сымдар алу, тантал мен ниобийден медициналық бұйымдар жасау,титан металын мұнай-газ саласына кіріктіру, титаннан имплантанттар дайындау,хлорлы қалдықтарды залалсыздандыру технологиясын әзірлеу жобалары бар.


Сондай-ақ, кеңес барысында инновациялық белсенділік деңгейі бойынша облыс елімізде көш бастап тұрғандығы мәлім болды. Өткен жылғы қорытынды бойынша көрсеткіш 15,1 пайызды (еліміз бойынша 9,6 пайыз) құрап отыр.Өңірдегі инновациялық өнім көлемі өткен жылы 80,5 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив