KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова келді

3.07.2018, 03:44 272

Курчатовта Елбасының болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру"бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында қала әкімі Алмас Аманқолұлының бастамасымен, Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф жазушы, бүгінгі қазақ анасының, келінінің, əжесінің бірегей бейнесі Зейнеп Ахметовамен кездесу кеші өтті. Кеш "Бабамнан қалған мұра ізеттілік,арымды қойғам соған күзеттіріп" деп аталды.


-" Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" бейбіт заман еншімізге берілсе де, жаһандану деген алып айдаһарға жұтылмау үшін күресуіміз керек. Ең басты күрес ұлттық болмысымызды сақтап қалудан басталуы тиіс. Ол дегеніміз: тіл, діл, дін, салт-сана, əдет-ғұрып, дəстүрдің озығы"-деген Зейнеп апаның сөзімен басталған рухани кеш барысында халық, ұлағатты əңгіме мен келелі кеңеске ұйып, көкейінде жүрген сұрақтарын жаудырды.


Бала тəрбиесі, ұлттық құндылықтар, ене мен келін тақырыптары жіліктеп талқыланып, санаға сыналана қаққан ой түйгізді. Екі сағаттан аса көптің көкейінде жүрген көмескі сауалына сəулелі ой түсіре білген Зейнеп апа, өр рухты батыр бабамыз Бауыржан атамыз жайлы жүрекке жылы тиетін аяулы, сағынышқа толы естелігімен бөлісті.


" Бабалар аманаты", "Шуақты күндер", "Күре тамыр" атты кітаптарын, ізгілікке толы ілтипат ниетпен оқырманына ұсына білген, аяулы анаға кеш тізгінін ұстап, халқымен қауыштыра білген қала əкімі Алмас Оңдақанов ұлттық жол-жоралғыға сай, шапанын жауып, ақ боз атын мінгізді. Көрермендер арасынан батыр атасының құрметіне Бауыржан атанған ұлан шығып, қонаққа гүл шоғын ұсынды.


" Бабамнан қалған мұра ізеттілік,Арымды қойғам соған күзеттіріп" атты кештің шымылдығы жабылар тұста, менің көкжигекті кезген ойым да керемет болды,-дейді Курчатов қалалық мәдениет үйінің қызметкері Арайлы Алтаева,-Бауыржан Момышұлы атамыздай біртуар жанның келіні атандырған,Бақытжан Бауыржанұлындай жазушы, аудармашының жан-жары əрі ғұмырлық əріптес досы болған, Зейнеп апамызға ерекше риза болдық.


Зейнеп апамыз Курчатов тұрғындарына сыйлаған екі күндік сапары жалғасында бабалар мекені Жидебайға, даналық мұрасы Бөріліге аялдап, Алаштың бас қаласы Семейде қорытындылайды


Курчатов қалалық ішкі саясат бөлімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив