KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

«Altay Athletics» саңлақтары тағы биіктен көрінді

14.06.2018, 11:13 139

«Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының спортшылар биіктен көрінуін жалғастырып келеді.

Кеше клубтың белді өкілдері, кениялық желаяқтар Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей Чехиядағы әлемдік IAAF сериясының бесінші туры аясында өткен 57-ші Golden Spike сайысында екі мәрте тұғырдан көрінді. Спортшыларымыздың екеуі де кедергілері бар үш мың метрлік қашықтыққа жүгірген болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Нора Джеруто 9 минут 11.33 секундқа тең көрсеткішпен бірінші орынға ие болды. Осы ретте, Джеруто бұған дейін чех жерінде өткен жарыстардың рекордын жаңартқанын айтқан абзал.


Отандасынан 12 секундқа қалып қойған Дэйзи Джипкемей мәре сызығын үшінші болып кесті. Дэйзидің көрсеткіші 9 минут 23.70 секундқа тең.


Бұл жарыс Острава қаласында өткенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ биылғы күзде бұл жерде құрлықтық кубок үшін дода да өткізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив