KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменнің "қара маржандары" барған жерінен жүлдесіз қайтпайтын болды

10.09.2018, 06:05 218


«Altay Athletics» клубының спортшылары кезекті жеңістерін тойлады. Шығысқазақстандық кәсіби жеңіл атлетика клубының өкілдері Берлин, Загреб пен Прагада өткен додаларда үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Атап айтсақ, кениялық Нора Джеруто IAAF World Challenge сериясының Хорватияның Загреб қаласында өткен соңғы кезеңінде үш мың метрге жүгіру сайысында сынға түсіп, 8:33,61 минут көрсеткішімен екінші орынға ие болды.


Норадан оның отандасы Дэйзи Джипкемей де қалысқан жоқ. Берлинде өткен ISTAF Berlin жарысында кениялық желаяқ кедергілері бар үш мың метрге жүгіру сайысында өнер көрсетіп, екінші орыннан көріне білді. Джипкемейдің көрсеткіші 9:14,66 минутқа тең.


Ал ең сүбелі жетістікке бұл күндері тағы бір Кения елінің азаматшасы Каролин Кипкируи жеткенін айтқан жөн. Чехия астанасы Прага қаласында ұйымдастырылған Prague 10 k Grand Prix Road Race додасының 10 шақырымға созылған жарысында әйелдер арасында мәре сызығын бірінші болып кескен Каролин осылайша бас жүлдеге ие болып қана қоймай, өзінің бұл қашықтықтағы жеке рекордын жаңарта білді.


Кипкируидің Прагадағы нәтижесі – 30 минут 19 секунд.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив