KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Шәкәрім университетінің 30 студенті Оңтүстік Кореяда тегін оқиды 

7.06.2018, 14:35 339

Қай кезде болмасын Шәкәрім университеті білім саласына айырықша көңіл бөліп, әлемнің ең беделді көптеген жоғарғы оқу орындарымен түрлі келісімшарттарға қол қойысып, студенттердің шет елдерде білім алуларына барлық жағдайды жасап келеді.


Бұған дәлел, дәл осы білім ордасындағы «SKACC» халықаралық факультеті мен «орыс және шетел» кафедрасының студенттері маусым айынан бастап Оңтүстік Кореяның Сокчо қаласындағы Кьюнгдонг университетінде 3 ай тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.


Осыған орай, кеше ғана алыс сапарға жол жүргелі тұрған жастарымызды ата-аналары, оқытушылары, достары сәттілік тілеп, ерекше ілтипатпен шығарып салды.


Үш айлық курстарда семейлік студенттер халықаралық бизнес, компьютерлік технологиялар, корей тілі мен әдебиеті пәндері бойынша өз ісін жетік білетін мықты профессорлардан дәріс алатын болады. Сондай-ақ, Оңтүстік Корей елінің алты ғасырлық тарихы бар астанасы Сеул шаһарына саяхат жасап, тарихи-мәдени орындарға да ат басын бұрмақ.


— Әдемі елдердің бірінде білімімізді шындап қана қоймай, сол жақтың тарихы мен бай мәдениетін жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болып отырғанымызға шынайы қуаныштымын. Мені әрқашанда Оңтүстік Корея өте қатты қызықтыратын. Қолдау білдіріп келген барлық адамдарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Алға қарай ілгерлеп даму үшін міндетті түрде арамандай білу керек , — деді Айдана Жұмаділова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив