KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Бас санитар Жандарбек Бекшин менингиттен қалай сақтану керектігін айтты

5.06.2018, 06:07 135

Менингит ауруына байланысты еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин видеоүндеу жариялады. Ол рұқсат етілген профилактикалық шаралар туралы айта келіп, адамдар шоғыры көп жиналатын және желдетілуі төмен жабық ғимараттардағы сауда-ойын-сауық кешендері мен мәдени-бұқаралық шараларға баруды шектеуге кеңес берді, деп жазады Егемен Қазақстан газетінің сайты


Жандарбек Бекшиннің айтуынша, науқастанған жанмен 3 сағат бойы тығыз байланыста болған адам аталған инфекцияны жұқтырады. Сондықтан бір реттік пайдалануға жарамды бетперде киюдің және оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырудың маңызы зор. Яғни, бұл ауруды міндетті екпесіз-ақ эпидемияға қарсы шаралармен алдын алуға болады. Ал вакцина кезінде ауруға қарсы иммунитет 5-15 жас аралығында әр адамның иммунитетіне байланысты 80 пайызды құрайды. Және бұл иммунитет 14-21 күнде қалыптасады.


Қазіргі кезде Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы қалалық мемлекеттік емханаларда екпе бойынша ақылы қызмет көрсету мүмкіндіктерін қарастыруда. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, бұл инфекцияның қауіптілігі сонда, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде жұғады және микроб дені сау адамның ағзасына науқас немесе тасымалдаушымен тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін өтеді. Науқас алғашқы күнінен бастап айналадағыларға жұқпалы.


Балаларда бұл ЛОР-органдарына қатысты болатындықтан, оториноларингологтарға тұрақты апарған абзал. Және тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет. Тоңу, ашығу, ұйқысыздық, стресс және басқа да денсаулыққа кері әсерлерден аулақ болу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив