Өскемендегі электробустардың сынақ мерзімі аяқталды
30 күн бойы өскемендіктерге қалытқысыз қызмет көрсеткен электробустардың сынақ мерзімі аяқталды, енді оның артық және кем тұстарын сарапшылар анықтайтын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындардан электробус туралы пікірлерін жариялауды өтініпті. Ал сарапшылар қазір қоғамдық көліктің шығыны мен пайдасын таразылап жатыр.
Бір ай бойы жұртты қара қошқыл түтінсіз тасыған экологиялық көліктердің Өскемендегі дәурені осымен аяқталды. Алайда, электробустардың қалаға қайтып келу де әбден мүмкін.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен мен Семей үшін 200 жаңа автобус сатып алынатынын айтқан болатын. Алдағы уақытта осы мәселе шешілетін болады. Қайсысы пайдалы? Әдеттегі іштен жану қозғалтқышы арқылы жүретін автобустар ма, әлде электробустар ма? Екеуінің де артық-кем тұстары бар. Электробустардың сатып алу бағасы қымбат болғанмен, оны қолдануға жұмсалатын шығын әлдеқайда үнемдірек.
Сынақ мерзімінде өскемендіктер электробустардың жолда тоқтап қалып, оны сүйретіп әкетіп бара жатқанын бірнеше рет көрген. Мұның себебі көліктің техникалық ақауы емес, оның қуатының тасуылып қалуымен түсіндірілген еді.
Электробустардың күніне екі мәрте қуатталатынын да естеріңізге сала кетейік.