KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейлік ансамбль республикалық фестивальден бас жүлдемен оралды

3.06.2018, 13:04 129

Елімізде қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар өте көп. Олардың барлығы дерлік өмірге құштар, әрдайым ізденіс үстінде және де биік белестерді бағындыру үшін тынымсыз еңбек етуде. Сондықтан да жыл сайын Қазақстанның әр түкпірінде ерекше жандардың әрбіреуіне айрықша көңіл бөліп, бүгінгі күннің дарынды жастарын елге таныту мақсатында көптеген байқаулар ұйымдастырылып келеді.

Осындай игі шара биыл да жалғасын тауып, Елордамыз Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 13-ші Республикалық «BI Жұлдызай» шығармашылық фестивалі өтті.


Сәуір айынан бастап өңіріміздің барлық облыс орталықтарында жарыстың іріктеу кезеңі өткен болатын. Кастингке қатысқан 9-мыңға жуық баланың тек 300-і ғана ақтық сынға суырылып шығып, 15 мың көрермен тамашалған «Барыс аренада» бар өнерлерін ортаға салды. Байқауда дарынды өнерпаздарымыз вокал, аспапта орындау, әнді ым-ишаратпен орындау, хореография, көркем-қолданбалы өнер жанрлары бойынша өз араларында кіл мықтыларды анықтады.


Дәл осы фествальде қаламыздағы №3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі бас жүлде иегері атанып, барша Семейліктердің абыройын асқақтатты.


Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, үздіктердің үздігі атанған ансамбль құрамындағы 15 баланың әрқайсысына ноутбук сыйға тартылды.

ШҚО-ның намысын қорғап, Семей шаһарына олжамен оралған жас жеткіншектерімізді таңғы 9:30-да мектеп мұғалімдері, журналистер қауымы мен ата-аналары теміржол бекетінен ерекше сән-салтанатпен күтіп алды.


-Біздің «Сұлу Саз» ансамблі кең көлемде өткен «Жұлдызай» фестивалінде гран-при ұтып алғанымызға өте қуаныштымыз. Жақсы өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріну үшін 1 жыл уақыт бойы дайындалдық. Біз бірнеше аспатардың сүйемелдеуімен Нұрғиса Тілендиевтің "Көш керуен" күйін орындадық. Марапаттау сәтінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «Сұлу саз» ансамблі бас жүлде иегерлері деп айтқанда, бәріміз қуанышымызды жасыра алмай жылап жібердік, - деді Ақерке Ерболқызы.


[su_slider source="media: 33660,33661,33662,33663"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив