KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңі өтті

22.04.2018, 09:40 130

Бүгін Өскемендегі «Ертіс концерт» Орталық мәдениет үйінде «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі болып өтті. Осымен 13-ші рет өтіп отырған шара Астананың 20 жылдығына арналып отыр.


Ерекше балалардың ерекше қабілетін паш етуге арналған фестивальге облыстың қалалары мен аудандарынан 200-ден астам бүлдіршін қатысты. Олар вокал, аспапта орындау, ым-ишаратпен ән салу, хореография, бейнелеу өнері, көркем-қолданбалы өнер секілді 6 аталым бойынша бақ сынады.


Бүлдіршіндердің өнеріне «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының директорының орынбасары Алмагүл Салимбаева, фестивальдің режиссері Ғалия Байбосынова, "Түзеу педагогикасының Ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы" аға ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова, эстрада әншісі Ернар Айдар тағы басқалар қатысып, қазылық етті.


Сондай-ақ, түстен кейін О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалардың арасында екінші «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өтті.


- Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, әлеуметтендіру және қоғамға шоғырландыру, - дейді ұйымдастырушылар.

Облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық спартакиаға қатысатын болады.


[su_slider source="media: 29403,29404,29405,29406,29407,29408,29409,29410,29411,29412,29413,29414,29415,29416,29417,29418,29419,29420,29421"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив