ШҚО-да қауіпті жол учаскелері жарықтандырылады
Глубокое ауданындағы Прапорщиково ауылының тұсындағы жолдағы жарықтандыру жұмыстары 1 шілдеге қарай толық аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жер Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тас жолының қауіпті бөлігі болып табылады. Қазір мұнда көше шамдары орнатылып жатыр.
Осындай жарықтандыру жұмыстары Берел ауылында да жүргізілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының директоры Нұрланбек Өмірбаев мәлім етті.
Сондай-ақ, Омбы-Майқапшағай тас жолында Павлодар облысының шекарасынан Қалбатауға дейін, Өскемен-Зырян тас жолында Жаңа Бұқтырмаға дейінгі автожол жөндеуден өткізіледі.
Дереккөз: Yk-news.kz
Оқи отырыңыз