KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
443.16 480.39 4.94

ШҚО-да браконьер балықшылар құрықталуда

23.05.2018, 07:24 160

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында заңсыз балық аулау бойынша 304 факті тіркелген.


ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша, 284 адамға жалпы сомасы 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Шамамен жеті тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді. Табиғатқа келтірілген шығын мөлшері 383 мың теңгені құрайды деп бағаланып отыр. Осы жағдайлар бойынша бес қылмыстық іс қозғалыпты.


-2018 жылға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен ШҚО-ның су қоймаларынан балықты 6600 тонна көлемінде аулауға лимит бекітілді. 15 сәуірден бастап 408 тонна ауланып қойған. Ал бюджетке түскен түсім 15 млн теңгені құрады, - дейді инпеция басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив