KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Зайсандық боксшы қыз республикалық чемпионатта күміс медаль алды

18.05.2018, 07:39 133

6-10 мамыр аралығында Ақсу қаласында бокстан жасөспірім қыздар арасында республикалық  чемпионат өтті.


Оған еліміздің барлық қалалары мен аймақтарынан 200-ге тарта боксшы қыздар қатысып отыр.  Сарытерек бокс мектебі мен Зайсан қаласы жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Дина Қадыс  осы сайыста 50 келі салмақта күміс медаль жеңіп алды. Дина Ақмола, Қызылорда, Қарағанды облыстарының боксшыларынан басым түсіп, тек финалда Алматы қаласы «Шаңырақ » спорт мектебінің оқушысы Сақыш Анельге 2:1 есебімен есе жіберді.


Спортшы қызымыз боксты 6-сыныптан Сарытерек орта мектебінде  Қайрат Жақыповтың жаттықтыруымен бастаған. Қазір 10-сынып оқушысы. Сондай-ақ, Дина Қадыс Қазақстан құрама командасына қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив