KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Семейде мұғалімдер сайысының жеңімпаздары анықталды

17.05.2018, 09:26 99

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының басында жұмысқа жаңадан қабылданған, Зияткерлік мектептерде жұмыс тәжірибесі жоқ мамандар арасында «Сәтті қадам» атты сайысы ұйымдастырылды.

Көзделген мақсат – жаңа мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, «NIS-Program» бағдарламасы талаптарына сай білім беру мен бағалауды жете меңгеру мен оқушыларды тәрбиелеуге дағдыландыру болып табылады.


Жас ерекшеліктері мен жұмыс тәжірибесіне шектеу қойылмаған сынға әртүрлі пәннен сабақ беретін алты ұстаз қатысты. Өз шәкірттері жайлы эссе жазу, ашық сабақ өткізу, ТЕDх үлгісінде еркін тақырыпта шешендік өнерін ортаға салу сынды тапсырмалардан тұрған сайыс өте қызықты әрі тартысқа толы болды.


Бірінші тапсырма бойынша 800 сөзден асырмай эссе жазуға бір емес бірнеше оқушыны кейіпкер етуге рұқсат етілді. Ашық сабаққа 40 минут уақыт берілсе, соңғы тапсырмада қатысушы 10 минут ішінде бүгінгі білім саласындағы өзекті мәселелерден бастап, ұстаздық жолдағы қиындықтар жайында өз ойларын акт залына жиналған әріптестері алдында ортаға салды. Бір атап өтерлігі – сайыс бір күнде өткізілген жоқ. Әр тапсырманың арасында үміткерлерге келесі кезеңге дайындалуға уақыт берілді.


Сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, «мұғалім - сарапшы» педагогикалық шеберлік деңгейіне ие мектеп ұстаздар енді.


Бірнеше айға созылған сайыс қорытындысы бойынша 14, 48 балл жинап, өзгелерден оқ бойы озған химия пәнінің мұғалімі Меруерт Құдабекова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, үздіктердің үздігі атанды.

Екінші орынды Альбина Мұсабекова иеленсе, ал математика пәнінің ұстазы Балжан Смаилова болса 3-ші орынға лайық деп танылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив