KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскемендегі емханалардың маңынан қауіпті медициналық қалдықтар табылды

17.05.2018, 04:25 118

Өскемендегі Өтепов көшесінің бойында орналасқан медициналық мекемелердің маңында медициналық қалдықтар шашылып жатыр: шприц, ампула, инелер. Бұл мәселеге бей-жай қарай алмаған тұрғындар экологтарды шақыртты.


-Біз бірден оқиға орнына барып, табылған қалдықтарды зерттедік, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкері Елена Полянцева. – Бұл факті бойынша барлық материалдар денсаулық сақтау басқармасына жіберілді. Қалдықтар адам өміріне өте қауіпті болуы әбден мүмкін, бірақ мамандар жан-жақты зерттеу жүргізгеннен кейін ғана нақты қорытынды айта алады. Әзірше бізге медициналық қалдықтарды тасталған қоқысқа жауаптылар анықталып, қатаң шаралар қолданылатынын хабарлады.


Экологиялық қауіпсіздік орталығының комиссиясы денсаулық сақтау басқармасынан бөлек, ІІБ-нің жергілікті полиция қызметі басшысының атына да хат жолдады. Енді қауіпті қалдықтарды тастағандарды құқыққорғау органдары анықтайтын болды.


[su_slider source="media: 31890,31891,31892,31893,31894,31895,31896,31897"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив