KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
443.37 474.49 4.83

Ертең мешіттерде Рамазан айының кешкі намазы оқылады

15.05.2018, 11:37 146

«Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай күнделікті мешітте өтетін кешкі ауызашарға шақырып отыр. Сонымен қатар, намаздан түнгі уақытта шыққан мешітке келушілерді «Имам такси» үйлеріне тегін таратады екен.


Биыл Рамазан айының басталуы 17 мамырға келіп отыр. Ол 14 маусымға дейін 29 күнге созылады. 16 мамыр күні  еліміздегі барлық мешіттерде кешкі алғашқы тарауих намазы оқылады.


- Осы жылы біз облысқа Түркиядан Құран оқитын үш кәсіби хафиз шақыртып отырмыз, - дейді Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай. – Рамазан айының барысында оларды біздің мешітте, Зайсанда және Қасым Қайсенов кентінде тыңдауға болады.


Сондай-ақ, қасиетті айдың барысында түрлі қайырымдылық іс-шаралар өткізілмек. Биылғы пітір-садақаның мөлшері – 300 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив