KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде ораза кезінде бір айы бойы ақысыз «Имам такси» жобасы қолға алынады

16.05.2018, 09:09 177

Ертең он екi айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы басталады. Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен осынау кешірім мен құлшылық айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай брифинг өткізді.


Бас имамның айтуынша, әдеттегідей Рамазан айына бір күн қалғанда өңірдің барлық мешіттерінде қас қарая тарауих намазы оқылады.


– Ауыз бекіту және ашу уақыттары жергілікті жердегі діни өкілдіктер бекіткен кестеге сәйкес орындалуы керек. Өйткені еліміздің аумағы ұлан-ғайыр болғандықтан, Алматы мен Батыс Қазақстанның ораза кестесі біздің облысқа келмейді. Жалпы, ораза – бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес, өтiрiк-өсек айтудан, бiреудi сырттай ғайбаттаудан, адамгершілiкке жатпайтын әдет-қылықтардан бойды арылту. Ораза – бәлиғат жасына жеткен, ақыл-есі түзу, сырқат емес адамдарға парыз. Ал денсаулығында кінәраты бар жандарға Жаратушы иеміз кешіріммен қарайды, - деп түсіндірген Ермек қажы Мұқатай биылғы Рамазан айында атқарылатын игілікті істер туралы да айтып өтті.


Оның айтуынша, ораза кезінде бір айы бойы «Имам такси» жобасы қолға алынады. Жоба аясында діни қызметкерлер жамағатқа тегін қызмет көрсетеді. Бұл таксилер ауызашардан соң оқылатын тарауих намазына келетін адамдарды ақысыз тасымалдайтын болады. Өйткені түнге қарай қоғамдық көліктер тоқтап қалатындықтан қаланың әр шетінде тұратын адамдарға мешітке келу қиындық туғызады. Осы жайтты ескерген имамдар қасиетті Рамазан айында адамдардың алаңсыз құлшылық жасауына мүмкіндік туғызу үшін аталмыш жобаны қайта жандандырмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив