KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

ШҚО-да сержант сүйіктісіне салтанатты жиын кезінде ұсыныс жасады

8.05.2018, 02:45 101

Вена балы соғыста қайтқан сарбаздарға және ардагерлеріне арналды. Бұл шараның мақсаты, жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыру болып табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі


Жеңіс қызығын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету үшін сұлу әрі сымбатты болып киініп келген қазіргі заман жастары көркем түрде топ құра би биледі. Салтанатты жиынға Қазақстанның Шығыс өңіріндегі әскери бөлімдер мен құрылымдардың өкілдері, әскер ардагерлері мен офицерлері шақырылды. Семей қаласының тұрғындарын Ұлы Жеңістің 73 жылдығы және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған қала әкімі Ермак Сәлімов ардагерлерімізге ұзақ өмір, ал жастарға ынтымақ пен бірлік тіледі.


Мереке барысында «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығындағы 31 767 бөлімнің кіші сержанты Мадияр Асин өзінің қызы Әйгерімге тұрмысқа шығуға өтініш жасады. Сөйтіп екі жастың отау құруына «Вена балы» себепкер болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив