KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Алтай» «Байқоңырды» талқандады

28.04.2018, 07:20 187

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының бесінші турында Өскеменде қызылордалық «Байқоңырды» қабылдаған «Алтай» ірі есеппен жеңіске жетті.


Биылғы маусымда алғаш рет өз алаңында ойнаған шығысқазақстандық команда «Восток» стадионына жиналған жанкүйерлерін сенімді жеңісімен қуантып тастады. Бұл кездесуде әсіресе қарсылас қақпасынан екі мәрте саңылау таба білген шабуылшы Дәурен Қайқыбасовтың тамаша өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Қызылордалық команданың қақпасына тағы бір голды Алтынбек Төлеев соқты. Қорытынды есеп 3:0.


Осы жеңісінен кейін тоғыз ұпай жинаған алтайлықтар турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға жайғасты.


Келесі кездесуін жерлестеріміз 2-мамыр, сәрсенбі күні қонақта ақтаулық «Каспий» командасына қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив