KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Дәурен Қайқыбасов «Алтайға» сенімді жеңіс сыйлады

24.06.2018, 09:00 144

Түркістандық «Мақтаралмен» ойында 20 минуттың ішінде хет-трик авторы атанған шабуылшы Дәурен Қайқыбасов семейлік «Алтайға» сенімді жеңіс сыйлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 14-ші тур ойыны Семейдің орталық стадионында өткен болатын. Осыдан бірер күн бұрын Талдықорғанда жергілікті «Жетісудан» жеңіліп қалған «Алтай» футболшылары бұл жолғы қарсыласына ұпай иеленуге ешқандай мүмкіндік бермеді. Әсіресе, шабуылшы Дәурен Қайқыбасовтың өнерін атап өткен орынды. Матчтың 10, 23 және 30-минуттарында көзге түскен алтайлық форвард осылайша кездесу тағдырын бірінші таймда-ақ өзі шешіп тастады. Бұл ретте, қазір чемпионат мергендерінің кестесінде Дәурен сегіз доппен екінші орында келетінін айта кеткен орынды.


Ал 27 ұпайы бар «Алтай» турнирлік кестеде үшінші тұр. Жерлестеріміз аталған турда ұпай жоғалтқан бірінші және екінші орындардағы «Қыран» мен «Таразға» бір табан жақындады. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең қонақта қызылордалық «Байқоңырға» қарсы өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив