KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 9 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Өскемендегі зообаққа сирек кездесетін африкалық мысықтар әкелінді

25.04.2018, 10:07 162

Жабайы мысықтар – қарақал мен бұташынды (сервал) сол жақ жағалудағы хайуанаттар бағына сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед сыйлап отыр екен. Бақтағы жануарлар карантинде болғандықтан, әзірше бұл сыйлықты келушілер көре алмайды. Қазір зообақтың жаңа тұрғындарына арнайы вольерлер жасалып жатыр.


Айта кетсек, жабайы табиғатта мекендейтін бұл мысықтарды тек Африканың далаларында, Үндістанда және Орта Азияның кейбір жерлерінде сирек кездестіруге болады. Қарақал сілеусінге ұқсас, бірақ бірқатар айырмашылықтары бар. Оның құлағындағы ұзын шашақтары түр тұлғасына бірегей ерекшелік беріп тұрады. Ал бұташын (сервал) гепардқа ұқсайды, оны бұталы мысық деп те атайды. Ол әдемі тарғыл түсті болып келеді.



Бұлардан бөлек, зообақтағы маймақ аюлардың қатары үш айлық екі қонжықпен толықтырылып отыр. Оларды Ұлан ауданындағы Алғабас ауылының маңынан аңшылар тауып алған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив