KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Ит пен мысық ұстайтындарға қойылар талаптар қандай?

24.02.2018, 10:31 131

– Қалалы жерлерде үйлерінде ит пен мысық ұстайтындарға заң негізінде қойылатын талаптар қандай? Олардың балалар ойнайтын аулалық алаңқайларға иттерін серуендетуі, тұмылдырықсыз алып жүруі қаншалықты дұрыс? Итті серуендеткенде олардың нәжістерін жинап алуға неге талап қойылмайды? Тіпті, қыс уақытында аяқ алып жүре алмайсың? Мұндай жағдай әсіресе, Өскеменнің ескі орталық бөлігінде жиі кездесетін көрініс. Бұл балалар ойнайтын жердегі санитарлық талаптарға да қайшы емес пе?


Қарлығаш Сәдібекова,


Өскемен қаласы


 Сауалға облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Бақытжан Торғаев жауап береді:


– Елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары жергілікті өкілдік органдары шешімімен бекітіледі.


Аталған қағидаларды бұзу 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408 бабына сәйкес жазаланады. 2017 жылы иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін ШҚО-да 4974 әкімшілік хаттама толтырылған.


408-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу.


Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін  он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.


Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 19/220-V шешімі бойынша иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі:


Иттерді:

1) жануардың мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін, адамдар мен басқа жануарларға шабуылын болдырмайтын ұзындықтағы қарғы баумен және тұмылдырықпен;


2) айналадағыларға мазасыздық пен кедергі келтірмей, серуендеу орындарының санитарлық жағдайы сақталған кезде;


3) қоршалған аумақтарда, жануарларды үйрету алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғы баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге жол беріледі.


Жануарлардың иелеріне:


1) Иттер мен мысықтарды аулалардағы балалар алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен оқу орындары, емдеу мекемелері аумақтарында, стадиондар мен тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге;


2) иттер мен мысықтарды жағажайларда, субұрқақтарда, адамдар шомылатын басқа жерлерде, су алу көздері мен су пайдаланылатын орындарда шомылдыруға және жууға жол берілмейді.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив