KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Ертіс өзеніне құлап кеткен екі жастағы сәби мен анасы құтқарылды

20.04.2018, 14:38 152

Бүгін Өскемен қаласында Ертіс өзеніне құлап кеткен екі жастағы сәби мен анасы құтқарылды. Біз суға кеткендерді құтқарып қалған жігіттердің бірі  Айдын Төртбаймен тілдесіп, оқиғаның қалай болғанын айтып беруін өтінген едік.


-Мен әріптесім Ерлан Қадылбеков екеуміз  Ертіс жағалауы көшесі бойындағы жарықтарды жөндеу үшін таңертеңнен келген едік. Түс кезінде жұмысымызды аяқтап, қайтуға жиналып жатқанбыз, - деп есіне алды Айдын. -  Бір кезде жанұшыра жүгіріп келген бір әйел бала мен анасының суға құлап кеткенін айтты. Біз ол кісі көрсеткен жаққа жүгірдік.

Жүгіріп келген жігіттер өзенде ағып бара жатқан бала мен әйелді көреді. Анасы баласын ұстауға талпынғанымен, баланың кішкентай денесі қашықтай береді. Ойланып тұратын уақыт жоқ. Жігіттердің бірі Ерлан Қадылбеков судың суықтығына қарамастан, өзенге секіріп кетеді. Жанталасып жүріп, сәбиді алып шықты. Оған Айдын көмектесіп, сол кезде тағы да басқа азаматтар келіп қалып, әйтеуір бала мен ананы жағаға  аман алып шығады. Ерлан Қадылбеков дұрыс әрекет жасап, кішкентай балаға жасанды демалуды жасағаннан кейін, сәби көзін ашады.


Оқиғаның немен бітері белгісіз еді. Бірақ сәтті кездейсоқтықпен сол жерге  2-өрт бөлімінің аға жүргізушісі Виталий Бақтыбаев, ШҚО ТЖД–нің бөлімше бастықтары Алексей Оградов, Ақылбек Мухаев, Ержан Қасымханов және Ерік Тойбаев келе қалды. Осы азаматтар бірлесе қимылдап, зардап шегушілерді жағада қабылдап алып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткеннен кейін дер кезінде жедел жәрдемді шақырып, дәрігерлердің қолына тапсырды.



Батылдық танытып, нағыз азамат екендерін дәлелдеген Ерлан Қадылбеков пен Айдын Төртбай «Экспертиза и аналитика» ЖШС-нің электрмонтерлері екен. Екеуі де әзірге бойдақ.


- Оларды құтқарған Ерлан, мен суға секіргем жоқ, - дейді Айдын.

Суға секірмесе де, жағада қабылдап алып, көмек көрсеткен Айдынның да ерлігі зор.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив