KZ
Өскемен
+16°
гроза жел 7 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Семейде дзюдодан республикалық жарыс өтті

18.04.2018, 10:39 262

Семейде дзюдодан 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыс мәресіне жетті.


Бұл додаға шығысқазақстандық дзюдошылардан бөлек, Астана, Алматы, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Степногорск қалаларынан келген татами шеберлері де қатысты. Сонымен қатар турнирде арнайы қонақ ретінде шақырылған ресейлік (Рубцовск және Новосібір қалалары) спортшылар да бақ сынады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, жарысқа ұзын саны 250-ге жуық жас дзюдошы қатысып, бірнеше салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.


– Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға іліккен дзюдошылар спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындайды, – дейді дзюдодан облыстың жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Аман Шәріпов.

Айта кетейік, марқұм болып кеткен шығысқазақстандық спорт ардагерлерін еске алуды мақсұт еткен аталмыш турнир осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа негізінен 16 мен 17 жас аралығындағы спортшылар қатысады. Жоғарыда айтылғандай, жүлделі орыннан көрінген дзюдошылар спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындап қана қоймай, облыс құрамасы сапында халықаралық жарыстарда өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив