KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Республикалық жарыста Шығыстың дзюдошыларына тең келер ешкім болмады

16.10.2018, 11:52 164


Семейде дзюдодан аймақтық олимпиадалық резерв спорт колледжінің жүлделері сарапқа салынған республикалық жарыс мәресіне жетті.


Осымен 10-шы рет өткізілген доданың республикалық деңгейде ұйымдастырыла бастағанына биыл тура бес жыл болыпты. Мұны колледждің директоры Серік Тоқтарғазин айтты.


– Жылда өткізілетін жарысымызға жастар ғана емес, республикалық және халықаралық додаларда жүлдеге ие болып жүрген танымал спортшылар да қатысады. Бұдан бөлек көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің татами шеберлері де келіп тұрады. Бірақ, биылғы додаға тек қана қазақстандық дзюдошылар қатысты, – дейді С.Тоқтарғазин.


Айта кетейік, дәстүрлі турнирдің биылғысына шамамен 200-ге жуық спортшы келіп, бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде Қуан Барыс, Ғабит Дәулетбаев, Ерсін Сейітқазынов, Зарина Сарипова, Дана Мұратова сынды республикаға танымал татами шеберлері де болды. Биылғы додада әсіресе шығысқазақстандық дзюдошылар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Тұғырға көтерілгендердің арасында аталмыш спорт колледжінің тәрбиеленушілері мен түлектері де аз емес екенін да атап өткен абзал. Дәлірек айтсақ, осы жолғы жарыста шығысқазақстандық дзюдошылар жалпы саны 29 жүлдеге ие болып, командалық есепте бірінші орыннан көріне білді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив