KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Семейлік Алпамыс Халықаралық олимпиадада үздіктер қатарына ілікті

13.04.2018, 06:03 131

Жуырда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында математика пәнінен IV Халықаралық олимпиада өткен болатын. Білімділер сайысына ТМД елдерінен үздік әскери оқу орындарының курсанттары жиналған еді. Командалық есепте отандық институттың құрамасы жүлделі екінші орынды иеленді.   


Атап айтқанда, олимпиадада Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның озық ойлы саңлақтары бақ сынасты.



Жарыстың барысын ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы, РФ Қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу және ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзаков тікелей бақылады.


Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының намысын семейлік Алпамыс Майлыбаев қорғаған еді. Ол Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Аталған сайыста Алпамыс бірнеше рет көзге түсіп, құраманың екінші орын алуына сүбелі үлес қосты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив