KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Ермак Сәлімов: «Бобровка саяжай кооперативі қайда қарап отыр?»

10.04.2018, 07:00 131

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов тасқын судан зардап шеккен Бобровка кентінің тұрғындарымен кездесу барысында олардың өзге де әлеуметтік проблемаларынан хабардар болды.


Тұрғындардың айтуынша, электр энергиясына баға қымбаттап кеткен, көшелердегі қоқыс шығарылмай жатыр. Бұрындары бұл жерде Бобровка саяжай кооперативі болған еді. Енді ауыл тұрғындарының көптігіне орай бұл жер ауданға айналып кетті. Осындағы саяжай есебіндегі 6000 жер телімінде 1492 отбасы, 3500-4000 адам тұрақты түрде қысы-жазы тұруға көшкен. Ал, электр энергиясы жиі кенеттен өшіп қалады. Жолдар болса батпақ...


-Жағдайларыңызды көрейін деп арнайы келіп тұрмын,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,- Бірақ сіздер жан-жақтан шуламай, жергілікті тұрғындар мен әкімдік өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын құрыңыздар. Және саяжай кооперативінің жұмысын тексеретін арнайы органдар да кірсін, сөйтіп, мамыр айының басында жиналыс жасаймыз. Бобровкадағы саяжай кооперативінің басшылығы тұрғындардың талап-тілегін мүлде ескермейтінін, естімейтінін байқап тұрмын. Сол себептен мына халық ашынып кетіпті. Бұл жағдайды жөндеу керек. Халықты жылатып қарап отыруға болмайды. Бобровка саяжай кооперативі сонда не жұмыс атқарып отыр? Біз өз тарапымыздан барлық жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Би Боранбай көшесіне дейін жолды жөндедік. Жаңа мектеп ашып бердік сіздерге. Қыркүйекте балабақша-бөбекжай ашамыз. Биыл отбасылық амбулаторияны іске қосамыз. Ал, жарық, жылу, суды тікелей өздері қамтитын саяжай кооперативінің қайда қарап отырғанын түсінбедім. Халықтың мұң-мұқтажы қалайда өтелетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив