KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3,5 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Аймақ басшысы су тасқынынан зардап шеккен семейліктермен кездесті

6.04.2018, 11:53 175

Бүгін Даниал Ахметов Семейге іс-сапары аясында Пристань ауданына аялдап, жергілікті халықтың хал-ахуалына қанықты.



Белгілі болғандай, қызыл судан жаппа шеккен 50 шаңырақтың баспанасын семейлік кәсіпкерлер жөндеп беруге уәде етіпті. Бұл туралы Пристань ауданында тұрғындармен кездескен өңір әкімі, БАҚ өкілдеріне айтып берді. Әйтсе де аймақ билігі, бұған қарап қалмай, 7-ші сәуірде облыстық мәслихат сессиясында қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастырмақ екен.


-Қазіргі күнде 15 үй тұруға жарамсыз болып отырғаны бізге мәлім. Оған да қаржы аударамыз. Алдағы уақытта қосымша ақша қажет болса, тағы да қарастырамыз. Шүлбі СЭС-ғы жағдайдан барлықтарыңыз хабардарсыздар. Бүгінде бұл мәселемен облыстық прокуратура айналысып келеді. Кімнің кінәлі екені жуық арада анықталады деген сенімдемін, - деп атап өткен облыс әкімі, бұл сұраққада нүкте қойылатын уақыт алыс еместігін жеткізді.


Кездесу барысында, аудан тұрғындары өңір әкіміне қиын жағдайда қалдырмағаны үшін ризашылықтарын білдіріп, көкейкесті сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды. Өз тарапынан аймақ басшысы, тұрғындар далада қалмайтынын атап, бұл аймақтың тұрмысы қалпынан келітінін тілге тиек етті. Айта кетейік 29 наурыз күні, Семейде жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Шүльбі СЭС-нан шамадан артық жіберілген су Ертіс өзенінің арнадан асуына алып келген-ді. Нәтижесінде Түйемойнақ аралы, Бобровка саяжайы, Пристань және Мирный аудандарында 300-ге тақау баспана мен ауланы қызыл су алды. Сонымен қатар топан судың кесірі 437 саяжай үйлерінеде тиген еді. Қазір шаһарда арнайы құрылған комисся тасқыннан келген материалдық шығын мөлшерін анықтауда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив