KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Даниал Ахметов: "Осы аптаның соңына дейін адамдар баспаналы болуы керек"

26.03.2018, 06:52 142

Облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөз, Глубокое және Шемонайха аудандарындағы су тасқыны салдарынан үйсіз қалған тұрғындарға тезірекжаңа баспана беруді тапсырды. Бұл туралы аймақ басшысы облыстық әкімдікте өткен селекторлық жиын барысында айтты. Жиын барысында аудан-қала басшылары өңірлерде қалыптасқан жағдай туралы баяндамалар жасап, су басқан елді мекендердегі апаттың салдарын жою жұмыстары туралы сөз етті.


Мәселен, соңғы бірнеше күн бойы жауған жаңбырдың соңы Өскеменмен Риддер қалаларында,сондай-ақ Глубокое, Шемонайха, Катонқарағай, Зырянаудандарда су тасқынына ұласып, нәтижесінде бірқатар елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Аймақ басшысы мәлімдегендей, Глубокое ауданында қарғын су 175 үйді зақымдаған. Сонымен қатар Шемонайха ауданында 42, Өскемен қаласында 15 су астында қалған. Қазір су басқан үйлерде тиісті жұмыс жүргізіліп, жаңғдай қалпына келген. Дегенмен, облыс әкімі кейбір үйлер тұруға жарамсыз болып қалғанын айтып, құзырлы мекемелерге далада қалған тұрғындарды баспанамен қамту жағын тез арада шешу керектігін айтып, тиісті міндеттер жүктеді.


–Аягөз қаласында үй кезегінде тұрған әлі 19 отбасы бар екен. Бұл адамдар тезірек баспаналы болуы керек. Аудан басшысына үш күннің ішінде бұл мәселені шешуді тапсырамын. Сонымен қатар шаһардағы су тасқынынан зардап шеккен тағы 109 үйді жөндеу жұмыстарын бастау керек. Бұл жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзір. Сондықтан іске кірісу керек. Дәл осындай жұмыс Шемонайха және Глубокое аудандарында да жүргізілуі тиіс. Жер-жерде комиссиялар құрылды, шығын мөлшері анықталуда. Алайда, жергілікті әкімдер «құжаттар қашан дайын болады» деп қол қусырып отыра бермей, қазірден бастап сол елді мекендерде сатылымға шығарылған тұрғын үйлерді сатып алу жағын ойластыра беруі қажет. Қазіргі басты мақсат мектептер мен туыстарын паналап отырған жерлестерімізге

тезірек үй беру екенін түсініңіздер, –деген облыс әкімі, Катонқарағай ауданының әкіміне де Үлкен Нарында қарғын судан бүлінген үш үйдің иелеріне тезірек жаңа баспана тауып беруді жүктеді.

Аймақ басшысы, сондай-ақ алдағы уақытта Шығыс Қазақстанда тиісті қайырымдылық қорлары құрылып, оларға облыстық қазынадан қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді. Мәселен, Глубокое ауданына 60 миллион теңге бөлінетін болады. Сол сияқты Шемонайха ауданына да қажетті қаржылық қолдау көрсетіледі.


Естеріңізге салайық, мереке күндері жауған жаңбар салдарынан облысымыздың бірнеше ауданы мен қаласын қарғын су басып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілген. Бір ғана Глубокое ауданында 565 адам эвакуацияланыпты.


[su_slider source="media: 26754,26755,26756,26757,26758,26759,26753"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив