KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
477.13 525.85 5.24

Тарбағатай тарихынан сыр шертетін жинақ шықты

4.04.2018, 11:17 75

Төл тарихымызға құрметпен қарайтын кез келгендігін қадап айтқан Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан кейін туған өлкенің қойнау-қолатынан өткеннің ізін, ақиқаттың көзін іздеп жүрген тарихшылар оқырман қауымға мәлім де беймәлім есімдер мен оқиғаларды саралап, талдап, кеңінен ұсына бастады.


– Тарбағатайдың тарихын тәпсірлеп, өткен-кеткен оқиғаларды жинақтауда Дәулетбай батыр атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Қайрат Батханұлының еңбегі мол. Ол таяуда сырға бай аңыз-әңгімелер мен біртуар перзенттер туралы дерек жинап, аудан халқының әлеуметтік дамуы жолын көрсететін «Тарбағатай – Барқытбел: тарихыңды тани жүр» атты жинақ шығарды. Көпке үлгі боларлық іс қылды. Бұл жинақтың Тарбағатай ауданының тоқсан жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгендігін және айта кетейін, – дейді Ақжар ауылдық кітапханасының меңгерушісі Мәрияш Дүйсекенова.

Үш бөлімнен тұратын бұл кітап өлкенің өткенімен танысуда таптырмайтын құрал. Аға ұрпақтың келешек жастарға қалдырған өлкетанымдық мұрасы. Алты Жұмықтан шыққан батырлар мен билердің өмірдерегін іздеген жан осы кітаптан табатындығын айтады Мәрияш Дүйсекенова.


– Қайрат – ізденімпаз әрі жаңашыл ұстаз. Президент мақаласын тереңінен түсіне білген ол көптеген игілікті іс-шаралар тындырып жатыр. Оның өлке тарихы туралы әзірлеген авторлық бағдарламасы да «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қолдауына ие болып, жергілікті оқу бағдарламасына енгізілген еді. Қайраттың бұл еңбегі жастардың білімін жетілдіруге қомақты үлес қосары анық. «Есі кірген ел ескісін іздейді» деп дана халқымыз айтқандай, өткенімізді танып, білген сайын өсе бермекпіз, өркендей бермекпіз, – дейді кітапханашы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив