KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Семейдің жас футболшылары жеңіспен оралды

1.04.2018, 05:27 150

Семей шаһары – Қазақстан футболының отаны. Себебі, дәл осы қалада еліміздің тұңғыш футбол командасы құрылған, ол «Ярыш» деп аталған. Содан болар, Семей қаласының футболы қай кезде болмасын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Осы жолы да қоржынымыз тағы жүлдемен толықты. Ол Алматы шаһарында 2007 жылғы балалар арасында футбол ойынындағы жерлестеріміздің жетістігі.


Наурыздың 20-24 күндері аралығында өткен «Наурыз 2018» халықаралық турнирде Семейдің намысын қорғаған «Цементник» командасы топжарып, жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Жарыс екі кезеңді қамтыды. Бірінші айналымда командалар топқа бөлініп, дөңгелек жүйедегі ойындар арқылы Плей-офқа жолдама алу үшін сынға түссе, ал екінші кезеңде «Playoff» қатысушылары «кіреске кірес» жүйесі бойынша өз араларында «кіл мықтыны» анықтады.


Команданың бас жаттықтырушысы Игорь Алексеевич:


–Кіл мықтылар жиналған бұл спорттық додаға Республикамыздың әр түпкірінен, сондай-ақ жақын шетелдерден келген жалпы саны 10-ға жуық команда қатысқан болатын. Барлық аймақтардың командалары мықты дайындықпен келсе де, біздің кішкентай аяқдопшыларымыз ешқай командаға дес бермей, тек алға ұмтылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив