KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Глубокое ауданында 25 адам эвакуацияланды

23.03.2018, 14:15 111

Глубокое ауданын да су басуда. Осы ауданға қарасты Прогресс ауылында Өскеменнің мамандандырылған құтқарушылар тобы тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Қазіргі уақытта барлығы 25 тұрғын, 10 ірі қара мен 20 ұсақ мал қауіпсіз жерге көшірілді. Адамдар туыстарының үйлеріне орналастырылды.




Бұл кезде осы аудандағы Тарханка ауылында аудандық ТЖ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып, ауылды аман алып қалуға бар күштерін жұмсады. Мұнда ауылдағы екі өзен ернеуінен тасып кеткен. Қазір суды бұру бойынша жұмыстар жалғасуда.



Дағдарыс орталығында құтқарушы бөлімшелердің жұмысын жедел штаб үйлестіріп отыр.


 


Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болатынын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, құжаттарды, қажетті заттарды және азық-түлік дайындап қойыңыздар. Су үйге жақындаған жағдайда электр энергиясын өшіріп, қауіпсіз жерде көмекті күтуге кеңес береміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив