KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өскеменде футзалдан бірінші және екінші лига ойындары аяқталды

16.03.2018, 06:17 213

Өскеменде шағын футболдан әуесқойлар арасындағы кезекті облыс біріншілігі аяқталуға жақын. Биылғы дода Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілуде. Жақында бірінші және екінші лига командалары арасындағы жарыстар мәресіне жетті.


Айта кетейік, облыс орталығында екінші лигамен қатар жоғары және бірінші лиганың да ойындары өтуде. Облыстық футбол федерациясының президенті Владимир Головатюктің айтуынша, осымен 11-ші рет өткізіліп отырған жарыстың деңгейі де, оған қатысушылар саны да жыл өткен сайын артып келеді.


Ал енді бірінші лига командалары арасындағы жарыстың қорытындыларына келсек, бұл додада абайлық футзалшыларға тең келер ешкім болмады. Келесі маусымда Абай ауданының командасы биылғы бәсекеде екінші орын алған өскемендік «Алтаймен» бірге Жоғары лига жүлделері үшін талас жүргізбек. Биылғы жарыстың үздік үштігін Өскеменнің «Аблакетка» командасы түйіндеді.


Сонымен қатар жақында екінші лига командалары арасындағы бәсеке де аяқталған болатын. Облыстың аудан-қалаларынан барлығы 14 ұжым қатысқан бұл сайыста күршімдіктердің мерейі үстем болды. Жарыстың шешуші ойынында Күршім аяқ допшылары катонқарағайлық қарсыластарынан басым түсті, есеп 2:1. Аталмыш екі ұжым келесі маусымнан бастап бірінші лигада өнер көрсететін болады. Жүлделі үшінші орынды өскемендік «Кристалл» командасы иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив