KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Юлия Галышеваның анасын құттықтады

15.02.2018, 07:32 143

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваның анасы Светлана Галышеваны құттықтады.


Басқарма басшысы атап өткендей, төрт жылдықтың басты додасында Юлия Шығыс Қазақстанның отандық қысқы спорттың отаны әрі шеберханасы екенін тағы бір мәрте дәлелдей білді.


– Сізді аймақ басшылығы, сондай-ақ денешынықтыру және спорт басқармасы атынан қызыңыздың Олимпиада ойындарында қола медаль иеленуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тек біздің облыс үшін ғана емес, күллі Қазақстан үшін айтулы жеңіс болғаны сөзсіз, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, фристайлдың могул түрінен өнер көрсететін 25 жастағы Юлия Галышева Оңтүстік Кореядағы дүбірлі додада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде салды.


– Барлығымыз Юлияға жанкүйерлік еттік. Енді еліміздің намысын қорғап жатқан өзге спортшыларға да тілеулес боламыз. Спортшымызға қолдау танытқаны үшін аймақ басшылығына ерекше алғыс айтқым келеді, – деді Светлана Галышева.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив