KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Ауылда саябақ ашылды

8.02.2018, 12:27 109

Коробиха ауылында «Астанаға сыйлық» акциясының аясында демалыс саябағы ашылды. Онда ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін барлық жағдай жасалған.


Саябақтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.


– Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында ашылған саябақ коробихалықтардың сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімім мол, - дейді Ахметқали Нұрғожин.

Айта кетейік, саябақта балаларға арналған ойын алаңы мен әткеншектер бар. Бұдан бөлек мұнда жергілікті мүсіншілердің қолынан шыққан жан-жануардың мүсіндері де келушілердің назарына ұсынылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив